Қазақстандықтар жеке куәліктері мен төлқұжаттарын терминал арқылы ала алады

924
Ел азаматтары автоматтандырылған терминал көмегімен жеке куәлік немесе төлқұжат алуға өз бетінше өтініш бере алады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Құжаттандыру терминалы елордалық ХҚКО-да пилоттық режимде іске қосылды. Жобаны ІІМ мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірлесіп әзірледі. Жаңа ХҚКО-да 4 осындай құрылғы жұмыс істейтін болады. Жаңа аппаратпен бүгін Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов пен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин танысты.

Бұл технология мемлекет ұсынатын қызметтердің сапасы мен жылдамдығын арттырады, құжаттарды ресімдеу мерзімін едәуір қысқартады, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады. Себебі барлық процесс ашық түрде жүргізіледі.

Құрылғының көмегімен тек өтініш беріп қана қоймай, дерекқордағы фотосурет бойынша жеке басты сәйкестендіріп, QR-коды арқылы төлемді сол жерде жасауға болады.

Бірнеше қадам жасау жеткілікті:
-ЖСН және ұялы телефон нөмірін енгізу;
-суретке түсіру және қол қою;
-экрандағы QR-кодты пайдаланып, мемлекеттік бажды төлеу;
-SMS арқылы қалыптастырылған қолхат алу;

-көші-қон қызметінің қызметкеріне өтінім нөмірін дайындау үшін көрсету.

Бұл ретте ұялы телефон нөміріңізді мобильді азаматтар базасына тіркеу қажет, бірақ мұны өтінімді ресімдеу кезінде де жасауға болады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.