Жолаушылар қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін LRT тоқтап қалды

1 521

Фото: ©Sputnik / Санат ИмангалиевАстанадағы LRT желісіндегі іркілістерге жолаушылардың қауіпсіздік ережесін бұзуы себеп болған,- деп хабарлады Opennews.kz ақпараттық агенттігі Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Компанияның мәліметінше LRT желісінде кейбір жолаушылар қауіпсіздік ережесін сақтамаған.

Атап айтқанда жолаушылар:

 -шұғыл тежеу батырмасын негізсіз басқан,

 -платформалық есіктерді шұғыл ашу батырмасын іске қосқан,

 -вагон есіктерін ішінен өз бетінше ашуға әрекет жасаған;

 -есік жақтауларының арасына қолын салып, есіктердің жабылуына қасақана кедергі келтірген.

"LRT жүйесі толық автоматтандырылған, сондықтан мұндай әрекеттер қауіпсіздікке ықтимал қатер ретінде қабылданады. Бұл пойыздың тоқтауына және тексеріс жүргізуге себеп болады", - деп түсіндірді мамандар.

CTS компаниясы жолаушыларды LRT пайдалану ережесін сақтауға шақырды.

"Әрбір құрамның ішінде LRT пойызының операторы бар, ол қажет болған жағдайда электр қуаты ажыратылғаннан кейін ғана есіктерді ашады", - деп жазылған хабарламада. 

Барлық құқық бұзушы стансалар мен вагондардың ішінде орнатылған бейнебақылау камералары арқылы анықталады. Материалдар полицейлерге беріледі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.