Әкімінің орынбасарына айыппұл салынды

1 520

Фото: Мақсат Шағырбаев/ KazinformТүрксіб ауданының прокуратурасы кәсіпкерлік субъектілерін заңсыз тексерген әкімдіктің лауазымды тұлғаларын жауапқа тартты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Алматы прокуратурасының мәліметінше, қала әкімі орынбасарының тапсырмасы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізу барысында аудан әкімдіктерінің қызметкерлері өз өкілеттіктерінің шегінен шығып кәсіпкерлерден құжаттарды заңсыз негізде ұсынуды талап еткен.


"Мұндай әрекеттер заңнамаға қайшы келеді, себебі тексерушілерде бизнестен құжаттаманы талап ету үшін құқықтық негіздер болмаған. Тексеру жүргізу тәртібін бұзу фактілері бойынша аудан әкімдері аппараттарының 6 лауазымды тұлғасы ҚР ӘҚБтК-нің 175-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартылды. 25 материал бойынша 500 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, - деп хабарлады прокуратура.


Бұдан басқа Алматы қаласы әкімінің орынбасарына ҚР ӘҚБтК-нің 173-бабымен кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.