"Мансап" орталығы: Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту

1 502

Фото: egemen.kzЕлімізде 2023 жылдың 23 сәуірде Қазақстан Республикасының «Әлеметтік Кодексі» қабылдануына байланысты 1 шілдеден бастап «Еңбек мобильдігі орталығы» құрылған болатын, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Сырдария аудандық Мансап орталығы» филиалы 2023 жылдың 11 шілдеде Әділет басқармасына тіркеліп өз жұмысын бастады. Жұмыспен қамту орталығының жабылуына  байланысты барлық белсенді шараларға қатысушылармен жасалған келісім шарттар тоқтатылып, Кодекске сәйкес Еңбек мобильділігі орталығы 1 шілдеден бастап бағдарламаға қатысушылармен 343 келісім шартқа қайта отырды.


Орталықтың жұмысы жайында «Сырдария аудандық Мансап орталығы» филиалының директоры Еркебұлан Дәуітбекұлы айтып берді.


"2023 жылы 1056 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жоспарланып, 1083 адам қамтылды. Оның ішінде: «Жастар тәжірибесіне»  140 жасты жастар тәжірибесінен  өткізу  жоспарланып, 141 жас жолданды, жоспар 100,7 пайызға орындалды.  2024 жылдың 1 қаңтарға  121 жас  жастар тәжірибесін жалғастырды. «Әлеуметтік жұмыс орындарына» жоспарланған  32 адамды қамту көзделіп, жоспар 100 пайыз орындалды. Қоғамдық жұмысқа – 806 адамды қамту жоспарланса, 833 адам қоғамдық жұмысқа тартылды. Жоспар 103,2 пайызға орындалды.  «Алғашқы жұмыс орындарына»  25 адам жолданып, жоспар толықтай орындалды. «Ұрпақтар сабақтастығы» бойынша 3 адам жоспарланып, жоспар  толықтай орындалды.  «Күміс жас» жобасы бойынша  жоспарланған 50 адам  жұмыспен қамтылып, жоспар 100 пайызға орындалды. 2024 жылға 27 адам жұмыстарын жалғастыруда. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысушылардың қаржылары «Еңбек мобильділігі орталығы» арқылы  толық төленді", – дейді филиал директоры.


Сырдария ауданында 2023 жылы жұмыссыз ретінде 2572 адам тіркелді. Жұмыссыз азаматтардың ішінен жұмыс берушілердің сұраныстарының талаптары мен мамандықтарына сәйкес келетіндерін жұмысқа орналасуларына ықпал жасалған. Жыл аяғында  306 адам жұмыссыз ретінде тіркеуде қалған. 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жұмыссыз ретінде тіркелгендерге статус беру, мүгедектігі бар адамдарды, бас бостандығынан  айыру орындарынан босатылған пробация есебінде тұрған адамдарды аудан әкімінің қаулысымен бекітілген квотаға сәйкес жұмысқа орналастыру  аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құзіретінде болды. 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап осы аталған жұмыстардың барлығын "Мансап" орталығы атқарып, квотаға сәйке тізімдегі мекемелерге 10 мүгедектігі бар адам және пробация есебінде тұрған 4 адам жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар жұмыс іздеушілерді, жұмыссыздарды тіркеу және жұмыс берушілердің бос жұмыс орындарын enbek.kz порталына уақытылы жариялауына ықпал жасап, еңбек делдалдығын жүзеге асырады.


«Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру» тетігі бойынша 72 адамға грант қаражаты берілсе, өткен жылдың соңында ұйымдастырылған конкурс нәтижесімен 72 адам грант алды. Шарт талаптарына сәйкес грант иегерлеріне мониторинг жұмыстары 3 ай сайын жасалуда. Бұдан бөлек, жалпы жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысушыларға ұдайы түрде жүргізілген мониторинг жұмыстарының нәтижесінде бағдарламаға қатысушы 69 адамның (жұмысқа қатысу тәртібін сақтамаған) келісім шарттары бұзылып, жұмыстары тоқтатылған.


Ауданда өткен жылы атаулы әлеуметтік көмек барлығы 201 отбасына – 1160 адамға тағайындалған. Оның ішінде шартты ақшалай көмек 182 отбасы, шартсыз ақшалай көмек 19 отбасы, 48 адам қоғамдық жұмысқа, 43 адам тұрақты жұмысқа тартылған. Облыс әкімінің орынбасарымен өткен мәжіліс хаттамасында АӘК алушылар санын 30 пайызға дейін төмендетуге берілген тапсырмасына сәйкес  жұмыстар жүргізіліп аудан бойынша көрсеткіш 31,0 пайызға төмендеген.


2024 жылы аудан бойынша – 1090 жұмыссыз адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жоспарланған. Оның ішінде: 195 жасты  «Жастар тәжірибесіне»  өткізу  жоспарланып, 1 наурызға 17 жас жастар тәжірибесіне жолданған. «Әлеуметтік жұмыс орындарына» 34 адамды қамту көзделіп, 1 наурызға 6 адам жолданған. Қоғамдық жұмыстарға 600 адамды қамту жоспарланып, 1 наурызға 542 адам  жолданып, жоспар 90 пайызға орындалып отыр. «Алғашқы жұмыс орындарына»  26 адамды орналастыру жоспарланып отыр. «Ұрпақтар сабақтастығы» бойынша 3 адам жоспарланып, 3 адам жолданып, жоспар 100,0 пайызға орындалған. «Күміс жас» жобасы бойынша 52 адам  жоспарланған, 7 адам жұмыс жасап жатыр.


2024 жылдың наурыз айына "Мансап" орталығына  1836 адам хабарласып, 1428 адам жұмыссыз ретінде тіркелген және жұмыссыз статусына сәйкес келмейтін 200 адам (МЗЖ салған, жеке кәсіпкерлік ашқан т.б) тіркеуден шығарылған.


«Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру» тетігі бойынша 146 адамды қамту жоспарланып 2 лек бойынша конкурс ұйымдастыру межеленіп отыр. Грант конкурсына қатысуға үміткерлердің өтініштері 1 лек бойынша ағымдағы жылдың 15-26 сәуір аралығында өтсе, 2 лек бойынша 12-23 тамыз аралығында   enbek.kz порталы арқылы қабылданады.


2023 жылдың қазан айында ұйымдастырылған конкурс нәтижесімен грант алған 72 кәсіпкерге мониторинг жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде шарт талаптарын бұзған 4 адам сотқа беріліп, сот ұйғарымы шыққан. Бағдарламаның белсенді шараларымен қамтылғандарға, яғни субсидияланған жұмыс орындарына қатысушыларға  мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп, 1 наурызға 2 адамның келісім шарты бұзылып, жұмыстары тоқтатылған.


Қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың жоспары – 25 адам. Қазіргі таңда жұмыс берушілердің сұраныстарына  байланысты  «Тракторист-машинист» мамандығы бойынша аудандық аграрлық-техникалық колледжде оқыту жоспарланып, бүгінгі күнге 14 адам тіркеліп, құжаттары қабылданды. Қалған 11 адаммен жұмыстар жасалуда.


"2024 жылғы 1 наурызға атаулы әлеуметтік көмек барлығы 96 отбасына – 551 адамға тағайындалған. Оның ішінде шартты ақшалай көмек 85 отбасы, шартсыз ақшалай көмек 11 отбасы, 41 адам қоғамдық жұмысқа,11 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Аудандық Мансап орталығының филиалы өз жұмысын толыққанды атқаруда және жоспарланған көрсеткіштерге нәтижелі қол жеткізу үшін жұмыстар өз кезегімен жалғасын табады", – дейді орталық директоры Еркебұлан Дәуітбекұлы.