Суицидке итермелейтін Telegram-арна анықталды
Тексеру барысында аталған арнаның 67 жазылушысы әкімшіден суицидке итермелейтін тапсырмалар алғаны анықталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
2024 жылы 23 қыркүйекте сот, Алмалы ауданы прокурорының деструктивті чатқа тыйым салу туралы талабын қанағаттандырды. Сот шешімі дереу Мәдениет және ақпарат министрлігіне орындауға жолданды.
Алматы прокуратурасы ата-аналарға интернетті қолдануда жауаптылықпен қараудың маңыздылығын еске салады, күдікті контент анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгіну қажет.
Бас Прокурордың тапсырмасын орындау мақсатында Алматы қаласының прокурорлары өзін-өзі өлтіруге итермелейтін контенті бар Telegram-арнасын бұғаттау шараларын қабылдады.