Жартыжылдық жұмыс қорытындысы шығарылды

1 502

yell.ruЖуырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің алқа отырысы өтті. Онда І жартыжылдытағы өңірлердің жұмыс нәтижелері қорытындыланды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Биылғы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша Қызылорда облысындағы мемлекеттік қызметшілердің штат саны 3 349 бірлікті құрайды. Оның 15-і саяси мемлекеттік қызметші, 3 334-і «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері. Бос орындар саны – 56 (1,7 %) құрайды. Айта кетейік, бос орындарды дер кезінде мамандармен толтыру көрсеткіші бойынша өңіріміз көш басында.


Басшы лауазымдағы әйелдер саны – 305 (9,3%). Нақты қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілердің 3129-ы немесе 95,1 пайызы жоғары білімді. Аймақтағы 790 (24%) мемлекеттік қызметші 35 жасқа дейінгі жастар. Мемлекеттік қызметшілердің 3274-і (99,5%) қазақ, қалған 19-ы өзге ұлт өкілдері. Өңірде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының 24, «Болашақ» бағдарламасының 4 түлегі мемлекеттік қызметте жұмыс істейді.


Есепті кезеңде 36 қызметші немесе 1,1% өз еріктерімен қызметтен кеткен. Өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 37-ні (1,1%) құраған, яғни, кадр тұрақтылығы қамтамасыз етілген деп айтуға болады. Сонымен қатар, 2 мемлекеттік қызметші теріс себептермен жұмыстан босатылды.


Мемлекеттік әкімшілік қызметке кіруге арналған тестке 1201 үміткер қатысып, оның 292-сі немесе 24,3% шекті мәннен төмен емес нәтижеге ие болды. Құқық қорғау органдарына алғаш кіретін 320 адам тестке қатысып, оның 94-і немесе 29,4%-ы өтті. Облыстағы барлық деңгейдегі мемлекеттік органдарда 322 (ішкі конкурс – 157, жалпы конкурс – 165) бос лауазымдарға орналасуға конкурс өткізілді. Оған 395 (ішкі конкурс – 95, жалпы конкурс – 300) адам қатысып, орта есеппен бір орынға 1,3 адамнан келді. Өткізілген конкурстар нәтижесінде 217 (ішкі конкурс – 84, жалпы конкурс – 133) үміткер бос лауазымдарға қабылданды.


Ішкі конкурстардың нәтижесімен жұмысқа қабылданған 84 үміткердің 60-ы, яғни 71,5%-ы (жергілікті атқарушы органдар бойынша 78,8%) жоғары лауазымдарға тағайындалды. Осы көрсеткіштерден өңірімізде меритократия қағидатына басымдық берілгенін байқауға болады.


2023 жылдан бері аудандық және ауылдық елді мекендерде Мемлекеттік органдардың төменгі бос лауазымдарына мемлекеттік грантпен үздік бітірген түлектерді қызметке орналастыру жұмыстары жалғасуда. Өткен кезеңде қолданыстағы Мемлекеттік қызмет туралы заңның тетіктерін пайдалана отырып 3 түлек бос лауазымға тағайындалып, қызмет атқаруда.


Әдеп жөніндегі кеңес алты айда 6 отырыс өткізіп, 34 мәселе қарады. Қаралған мәселелердің 13-і тәртіптік іс болса, 21-і – профилактикалық бағыттағы есеп пен талдау қорытындысы, яғни, қаралған мәселелердің 38,2%-ы – тәртіптік істер, 61,8% – профилактикалық бағыттағы есеп пен талдау қорытындысы.


Кеңес отырыстарында Әдеп кодексінің талаптарын бұзу бойынша 2 тәртіптік іс, мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар бойынша 11 тәртіптік іс қаралды. Нәтижесінде 9 тәртіптік іс тоқтатылса, Әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін 1 қызметші, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бергені үшін 3 қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Барлық қаралған мәселе жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрді. Осылайша, қабылданған шешімдердің ашықтығы қамтамасыз етіліп келеді.


Профилактикалық мәселелерді қарау нәтижесімен Әдеп жөніндегі кеңес арқылы 117 ұсыныс енгізілді. Ұсыныстар толығымен орындалды. Сонымен бірге, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері 64 жеке қабылдау өткізіп, 104 азамат қабылдауда болды.


Мемлекеттік қызмет саласын бақылау бағытында 76 жолданым қаралған, оның ішінде 33 басқармамен құзыреті шегінде қаралды, 42 басқа органдарға жолданды, 1 жолданым иесінің өтініші бойынша қараусыз қалдырылды. Бұл бағытта барлығы 23 тексеру жүргізілді, оның ішінде 6-сы профилактикалық бақылау шарасы және 17-сі жоспардан тыс тексеру. Барлығы 143 бұзушылық анықталып, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама бұзушылықтарын жою туралы мемлекеттік органдарға 11 нұсқама енгізіліп, олар толық орындалды.


Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бағытына тоқталатын болсақ, өңірде мемлекеттік органдармен 374 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі (жергілікті атқарушы органдармен – 173, аумақтық мемлекеттік органдармен – 201). Жалпы облыстағы қызмет беруші мекемелер тарапынан есепті кезеңде 3417 749 қызмет көрсетілген. Оның ішінде жергілікті атқарушы органдар – 2 925 880 (85,6%), аумақтық мемлекеттік органдар – 491 869 (14,4%).


Бұл бағытта барлығы 35 бақылау іс-шарасы өткізілді, оның ішінде: профилактикалық бақылау – 6, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша – 21, мемлекеттік органдардың хабарламалары бойынша 8 тексеру жүргізілді.


Профилактикалық бақылау, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша тексеру және қашықтан мониторинг нәтижесінде жалпы 2081 бұзушылық анықталды. Ең жиі орын алатын бұзушылықтардың қатарында қызмет көрсету тәртібін бұзу – 1500, жұмыс кестесін сақтамау – 363, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу – 119, артық құжаттар талап ету бойынша 62 дерек және өзге де бұзушылықтар бар.


Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты 36 өтініш түсті, 21-і бойынша тексеру жүргізіліп, негізді жүгінгендердің ішінен 7 қызмет алушының дәлелі расталып, құқығы қорғалды. Бұған қоса, мемлекеттік органға сұрау салу арқылы 1 қызмет алушының дәлелдері расталып, құқығы қалпына келтірілді.


Рұқсат құжаттарын беру мерзімі мен тәртібін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 465-бабы бойынша лауазымды тұлғаларға 19 әкімшілік хаттама толтырылып, 1 070 680 теңге көлемінде айып салынды. Басқа да бұзушылықтарға жол бергені үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың 56 қызметкері тәртіптік жазаға тартылды.


Есепті кезеңде 29 мекемеде қоғамдық мониторинг жұмысы жүргізіліп, нәтижесінде мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға кемшіліктерді жою бойынша 10 ұсыныс енгізілді. Сондай-ақ Қызылорда қаласы мен аудандарда 20 қоғамдық қабылдау жүргізіліп, 171 азаматқа тиісті түсіндірмелер мен жауаптар берілді.

Қоғамдық кеңестердің 10 отырысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бағыты бойынша 19 мәселе қарастырылды.


Департамент жанындағы ведомствоаралық жұмыс тобының екі отырысы өткізіліп, хаттамалық тапсырмаға сәйкес 8 мемлекеттік органға 19 ұсыныс берілді.


«Елге қызмет» арнайы телебағдарламасының 13 жобасы жарық көрді. «Ең алдымен адамдар» арнайы оқу бағдарламасы бойынша 8 семинар өткізіліп, оған 235 тыңдаушы қамтылды. Сондай-ақ 57 онлайн жәрмеңке өткізілді, оның ішінде 21 (қалалық) облыстық және 36 аудандық деңгейде ұйымдастырылды. Онлайн жәрмеңкеге қатысушылар саны – 9998.


Жалпы жұмыстардың барлығы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасының артуына, азаматтарға қолайлы жағдай жасауға, бір сөзбен айтқанда, клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған.


Негізгі бағыттардың бірі – арыз-шағымдармен жұмыс. 2024 жылдың 6 айында департаментке барлығы 153 өтініш келіп түсті, оның 147-сі жеке, 6-сы заңды тұлғадан келді. Азаматтарды жеке сұрақтарымен 37 рет қабылдау өткізіліп, барлығы 57 адам қабылданды. Есеп беру мерзімінде 151 өтініш қаралды, оның 98-і бойынша сәйкесінше түсіндірме берілді, 5 өтінішке сай тоқтату туралы шешім қабылданса, 48 (31%) басқа мемлекеттік органдарға жіберілді. Келіп түскен өтініштердің ішінде 61 шағым, 59 арыз, 33 өзге өтініш бар. Барлық өтініштер бойынша белгіленген мерзімдерде заңды шешімдер қабылданды.


Бұқаралық ақпарат құралдарында және департаменттің қызметі туралы әлеуметтік желілерде барлығы 1313 жазба жарияланды.


Алдағы уақытта да аумақтық департамент алдына қойған негізгі мақсаттарды орындау бағытында кешенді жұмыстарды жалғастыратын болады.


Е.МЕНДАЛИЕВ,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы,Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы