Оқушы қыздарға шай құюды үйреткен орталық сынға қалды

1 620

Фото: Видеодан скриншотАстана қаласындағы «Этикет» мектебінің оқушыларға арналған сабағы қоғамда қызу пікір тудырды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Сабақта қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелері, мәдениет мекемелеріндегі тәртіп пен әдеп нормалары түсіндірілген.Әлеуметтік желі қолданушылары бастаманы қолдағандар мен сынағандарға бөлінді. Кейбірі мұндай тәрбие сабақтарын қажет деп санаса, енді бірі оның мазмұны мен әдістемесін қайта қарау керек дейді.

“Қуыршақ ойнайтын кезінде шай құюды үйреткендері несі?!”, “Өмірді қиындатпайық”, “Ханшайымдай өмір сүруге емес, қызметші болуға үйретіп жатыр”, “Көзі ашық, көкірегі ояу, білімді, өз-өзіне барлық жағынан қорған болатын, аяққа нық тұра алатын ұрпақ тәрбиелейтін заман еді, мына тәтелеріміз қай заманда өмір сүріп жатыр?!”,  “Қыздарды шай құю өнеріне қарап бағалайтын емес, жеке тұлға ретінде бағалайтын деңгейдеміз. Қатты керек өнер болып жатса, әркім келін болғанында үйреніп алар, бірақ балалық шақта емес”, – деп жазды көпшілік. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.