Кабулда намаз кезінде мешітте жарылыс болды: қаза тапқандар бар

277

Ауғанстан астанасында орналасқан мешіттердің бірінде намаз кезінде жарылыс болды. Салдарынан үш адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды, деп хабарлайды Al Jazeera.

Фото: Ауғанстан баспасөзіОқиға 17 тамызда кешке Хайр-Хан ауданындағы мешітте болған. Полиция мен аурухана қызметкерлерінің мәліметінше, кешкі намаз кезінде болған жарылыс салдарынан кем дегенде үш адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алған.

Ал қауіпсіздік қызметінің мамандары басылымға жарылыс салдарынан 20 адам қайтыс болып, тағы 40 адам зардап шеккенін мәлім еткен.


Талибан үкіметінің өкілі (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) Забиулла Муджахид қаза тапқандар мен зардап шеккендердің бар екенін растап отыр. Алайда Муджахид олардың нақты санын атаған жоқ.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.