Бірнеше айыпталушы өздерін тергеуге қатысудан босатуды сұрады

422

Фото: видеодан скриншотАтышулы "Астана LRT-дегі" ұрлық ісі бойынша сот тергеуі аяқталды.

"Астана LRT-дегі" ұрлық ісі Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың алдағы тыңдауларында қаралатын болады. 

Ал 11 мамыр күні бірнеше айыпталушы өздерін тергеуге қатысудан босатуды сұрады. Олар жалпы сомасы шамамен 5 миллиард 800 миллион теңге болатын залалды төлеу туралы азаматтық талаппен келіспейтіндерін алға тартқан.
 Жалпы іс бойынша айыпталушы жеті адам бар, сот олардың әрқайсысының кінәсінің дәрежесін анықтап, төлем сомасын тағайындауы керек.

Процеске қатысушылардың бірінің қорғаушысы шотына ақша түскен компанияларды да тергеуге тарту туралы өтініш білдірді. Адвокаттардың пікірінше, бұл істі неғұрлым толық және объективті түрде зерттеуге мүмкіндік береді. 

Алайда прокурор өтінішті қолдамай, сот іс материалдарына қосып қойды. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.