Қазақстанда 1-наурыз күні бірыңғай уақыт белдеуі енгізіледі

1 571

aqmeshit-aptalygy.kzҮкіметтің "Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы" қаулысына өзгерістер енгізілген болатын. Өзгерістерге сәйкес, 2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні елдің бүкіл аумағында бірыңғай уақыт белдеуі енгізіледі", - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


"Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері, Шымкент, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында 2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа қоюы керек", - делінген қаулыда.


Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуін орнатуды уақытты есептеу мәселелері жөніндегі жұмыс тобына кірген қазақстандық ғалымдар мен сарапшылар ұсынған. Жұмыс тобына қатысушылар UTC+5 бірыңғай уақыт белдеуіне көшу ең дұрыс және оңтайлы нұсқа екенін, Қазақстанның көптеген өңірі табиғи уақытқа ең жақын уақытты пайдаланатынын айтып, ортақ пікірге келді. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.