Қайтарымсыз грантқа тіркелу қашан жүзеге аспақ?

6 343
 «Бизнес бастау» жүйесінің  жаңа порталы  әлі күнге дейін іске қосылмай тұр, - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Бизнес бастаймын деген жас кәсіпкерлер үшін  бүгінгі таңда мемлекет тарапынан әр адам басына 400 АЕК,  яғни, 1 225 200 теңгені құрайтын грант бөлініп отыр. Грантқа  өтінім беру үшін Business.Enbek кәсіпкерлік бастамаларды қолдаудың онлайн терезесі арқылы жүзеге асатындығы жарияланды. Алайда, біле білсек Business.Enbek сайты әлі күнге дейін  халыққа қызмет көрсетіп тұрған жоқ. Бір қызығы оқуға өтінім беру наурыз айының басында басталу керек деген болатын. Өкінішке орай, жүйе әлі күнге дейін іске қосылмады. 


«Осы «Бизнес бастау» жобасының қайтарымсыз гранттына өтініш берейін деп едім, көрсетілген сайт жұмыс жасамай тұр. Бұл қалай болғаны? Халықты қашанға дейін үкімет алдай береді.  Сабақ болса, наурыз айынның аяғында басталмақшы. Сонда тіркеу, өтінім жұмыстары қашан жүргізілмек? Ертеңгі күні тағы Мәке ,Сәкенің таныстары алып кетпеуіне кім кепіл ?», -  дейді  Манат Музаппарова.

Өз кәсібін бастауға ниеттеніп жүрген болашақ кәсіпкерлердің  сөзіне сүйенсек, қайтарымсыз грантқа өтінім бере алмай жүргендері де бар. Осы орайда,

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Гаухар Елеусінова: «2022 жылдан бастап қайтарымсыз гранттардың саны  200 АЕК көрсеткіштен, 400 АЕК көрсеткішке көбейіп отыр. «Бастау бизнес» жобасына тіркелу, грант алу, келісімшартқа отыру секілді барлық жұмыстарды Еңбек министрлігінің «Бизнес еңбек» порталы арқылы жүргізіледі. Ақпараттың барлығын жас кәсіпкерлер E.GOV.KZ  сайтынан  алуға мүмкіндіктері бар. Портал  өз жұмысын бастаған кезде ғана әр азамат өз электронды кілттері арқылы тіркелу жұмыстарын бастай алады. Дәл қазіргі уақытта онлайн тіркелу порталы жұмыс жасамай тұр. Алдағы уақытта әлеуметтік желілерде хабарлайтын боламыз», - дейді.


Сонымен қатар, Мемлекет тарапынан бөлініп отырған қайтарымсыз гранттар активтелген (ішімдік, шылым т.б) өнімдерге рұқсат етілмейтінін мәлім етті. 


«Көпбалалы анамын, өткен жылы қайтарымсыз грантқа ілігу үшін  «Жұмыспен қамту орталығына» барғанда тіркелуге 3 күн қалғанда ғана тіркеле аласыз деп қайтарып жіберген еді. Осылай өткен жылғы гранттан қағылып қалып едім», - дейді қала тұрғыны Мира Ерлібекқызы

«Бизнес бастау» жобасы үміткерінің айтуынша, наурыз айының аяғында басталуы мүмкін. Әлі белгісіз. Грантқа берілген өтінім 10 күнтізбелік күн ішінде қаралатындығын айтты.
Алайда портал бүгінгі күні қол жетімсіз. 

Еңбек министрлігіне тиесілі сайт ережесі тек оқуға тіркелу кезінде ғана  қосылатындығын хабарлады.  


АЙБАР