АЭС САЛУДЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ АУДАНДЫҚ ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІНІҢ КЕЗДЕСУЛЕРІ ЖАЛҒАСУДА
Бүгін АЭС салу жөніндегі аудандық Халықтық штаб мүшелері аудан спортшыларымен диалог алаңын өткізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Басқосу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм” атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттары сөз етіліп, штаб мүшелері кездесушілермен сұрақ-жауап алмасты.
Өз кезегінде Халықтық штаб мүшелері Президенттің жалпыхалықтық референдум өткізу бастамасын қолдап, атом энергиясын пайдаланудың артықшылығы туралы айтты.
Қазіргі таңда барлық мемлекеттер үшін тұрақты және қауіпсіз энергиямен қамтамасыз ету стратегиялық мәселе болып табылады. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, елдің энергетикалық қауіпсіздігін тек атом энергиясы арқылы жасауға болады. Өйткені дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздері тұрақты өндіріс бере алмайды деп атап өтті- Б.Шілдебаев
Кездесулерде штаб өкілі С.Оспанова АЭС-тің жаңа жұмыс орындарын құруға, инфрақұрылымды дамытуға және аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға үлкен ықпал ететінін айтты.
Штаб мүшелерінен ақпарат алған азаматтар өздерінің пікірлерін ортаға салып, АЭС салуға оң көзқарастарын білдіруде.