ЖЕРГІЛІКТІ БИЛІКТІҢ ШИЕЛІДЕГІ «СТРИПТИЗ-ШОУ» КЛУБЫНА ШАМАСЫ ЖЕТПЕЙ МЕ?
1 780
Қызылорда облысының Шиелі ауданында орын алған «стриптиз» биі өтетін клуб тұрғандардың наразылығын тудырды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Шиелі ауданының тұрғыны Ардақ Сыздықова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жаға ұстатарлық бейнежазба жариялады. Видеода лоторея клубында апта сайын стриптиз биін ұйымдастыру әдетке айналғандығы көрсетіледі. Тіпті ең сорақысы, лоторея клубынан телефонға хабарлама жіберіліп, тұрғындарды аталмыш стриптиз биін тамашалауға шақырады екен.
Ашылғанына бір жыл уақыт болған клубқа кім болса соны кіруіне мүмкіндік жоқ секілді. Себебі сұлулардың биін тамашалау үшін арнайы карточкаңыз болуы шарт. Сырты бүтін іші түтін болған мекеменің заңсыз әрекетін аудан, қала, тіпті облыс басшыларының хабары бола тұра құзырлы органдар көзге ілмей жүруіне не себеп?
Ең сорақысы, біздің аймақ өзекті мәселенің шешімін табудан гөрі оны көтерген адаммен жұмыс жасауды жөн санайды. Олай деуге басты себеп, осы мәселенің басында жүрген Ардақ Қазақбайқызын полиция қызметкерлерінің бір емес бірнеше рет ескерту беріп, тіпті арнайы көлікпен күштеп алып кеткендігі де белгілі болды.
Ал аудан әкімдігі стриптиз-шоудың болатындығынан хабардар екендігін мәлімдеген. Алайда әріптестерімізге берген сұхбатында аудан әкімінің орынбасары:
Бұрала билеген қыздардың биі есіңді тандырып қояры анық. Десек те, Қапшағайдан кем түспеген Шиелідегі ойынхана қыздарының биін назарларыңызға ұсынамыз.
«Азғындап жатқан құмар ойындар ойынханасына ешкімнің әлі келмеді» деген тұрғындар ауданнан бұндай орынның болмауын талап етуде. Қаншама шағым түссе де, әлі күнге дейін жұмыс істеп тұрған клубтың қай шенеуніктің «қамқорлығында» болуы мүмкін?
Қоғам белсендісінің айтуынша, облыс әкімдігіне арнайы хабарлама жіберсем де, менің осы мәселені жариялағаным үшін қара тізімге енгізіп, бұғаттап қойды дейді. Сонымен қатар, құзырлы органдардың қолдары жетпеген ойынхана ертеңгі жұмағада шақырту беріп жатқандығы белгілі болды.
Қаншама рет БАҚ назарына ілігіп, мәселе көтерілсе де аталмыш клуб жұмысының тоқтамауына не себеп? Әлде жергілікті тұрғындар айтқандай, бұның артында үлкен шенеуніктер тұр ма?
АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ

“Біздің ауданда осындай ойынхана бар. Бірақ оның бар екендігін билік хабары болса да үнсіз отыр. Бір емес бірнеше отбасының берекесін бұзған орданы жабуға неге асықпай отыр. Осы мәселені көтеріп елордаға да атбасын бұрмақпын. Білкім сол жерде тосқауыл қоятын жан табылар.”, – дейді қоғам белсендісі Ардақ Сыздықов.
Ашылғанына бір жыл уақыт болған клубқа кім болса соны кіруіне мүмкіндік жоқ секілді. Себебі сұлулардың биін тамашалау үшін арнайы карточкаңыз болуы шарт. Сырты бүтін іші түтін болған мекеменің заңсыз әрекетін аудан, қала, тіпті облыс басшыларының хабары бола тұра құзырлы органдар көзге ілмей жүруіне не себеп?
Ең сорақысы, біздің аймақ өзекті мәселенің шешімін табудан гөрі оны көтерген адаммен жұмыс жасауды жөн санайды. Олай деуге басты себеп, осы мәселенің басында жүрген Ардақ Қазақбайқызын полиция қызметкерлерінің бір емес бірнеше рет ескерту беріп, тіпті арнайы көлікпен күштеп алып кеткендігі де белгілі болды.
Ал аудан әкімдігі стриптиз-шоудың болатындығынан хабардар екендігін мәлімдеген. Алайда әріптестерімізге берген сұхбатында аудан әкімінің орынбасары:
“Нақты тақырыпты түрде тексеру, лоторея заңдылығына сәйкес келе ме, келмей ме тексеру құзыреті аудан әкімдігінің құзырында емес”, – екендігін жеткізген аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмахановтың сөзіне қарағанда әкімдік шарасыздық танытуда.