Алаяқтықпен айналысқан ерлі-зайыпты әшкереленді

1 517

Фото: ©Polisia.kz200 млн теңге жымқырып алаяқтық жасаған ерлі-зайыптылар ұсталды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Криминалдық полиция департаментінің қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген 40 жастағы ер адам мен оның 45 жастағы жұбайын Жамбыл облысының аумағында ұстаған. Тергеу мәліметінше, күдіктілер азаматтардың сеніміне кіріп, түрлі сылтаулармен Астана және Семей қалаларының тұрғындарынан ірі көлемде ақша алған. Жалпы келтірілген шығын көлемі шамамен 200 млн теңгені құраған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында олардың ұзақ уақыт бойы Жамбыл облысындағы елді мекендердің бірінде таныстарының үйінде жасырынып жүрген. Күдіктілер құқық қорғау органдарынан бой тасалап жүрген.

Қазіргі уақытта ерлі-зайыпты уақытша ұстау изоляторына қамалған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.