Сырдария ауданы сыбайлас жемқорлыққа, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыруда

1 121

Фото: Сырдария Ауданының ӘкімдігіСырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің жобасы аясында Сырдария Нұрдария қоғамдық қорының ұйымдастырумен сыбайлас жемқорлыққа, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру бағытында ақпараттық насихат жұмыстары жүргізілуде, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

 Өз кезегінде үгіт насихат тобы Сырдария аудандық білім бөлімінің қызметкерлерімен, мектеп мұғалімдерімен кездесті. 

Акцияның мақсаты аудан тұрғындарының сыбайлас жемқорлыққа, алаяқтыққа мүлдем төзбеушілігін қалыптастыру мақсатында, қылмыстың алдын алу. Дөңгелек үстел форматында өткен кездесу, қоғамдық қабылдауларға аудандық полиция бөлімінің тергеушісі полиция капитаны Б.Аблазиев,  Халық банк аудандық филиялының басшысы А.Палымбетов «Қазақстан Халық Банк» АҚ Қызылорда облыстық филиалы, Сырдария басқарма басшысы А.Палымбетов және ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, цифрлық құралдарды енгізу, активтерді қайтару, бизнесті қорғау және заңнаманы жетілдіру жөніндегі шаралар егжей-тегжейлі баяндалды.

Қазақстан халықаралық мәмілелерді жүзеге асыру кезінде шетелдік лауазымды тұлғаларға пара беруге қарсы күрес жөніндегі ЭЫДҰ Конвенциясына қосылуға ниетті.

Бұл мемлекеттік аппарат пен қоғамда парасаттылық қағидаттарын енгізу, құқықтық көмек көрсету, қылмыскерлерді экстрадициялау, заңсыз активтерді қайтару мәселелері бойынша ынтымақтастықты күшейтуге мүмкіндік береді және шет елдердің құқық қорғау органдарымен тиімді өзара іс-қимыл жасау үшін негіз жасайды.

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу әрекетінен көрініс табады. 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері – бұл тек жергілікті жағдайға ғана емес, сонымен бірге мемлекеттің бүкіл экономикасына кері әсер ететін фактор. Пара алу немесе жосықсыз бәсекелестік ұсынылатын қызметтер мен тауарлардың сапасына әсер етеді.