Елімізде ақылы жолдарға төлем жүргізу тәртібі өзгермек

1 170
Елімізде ақылы көлік жолдарындағы төлеу жүйесіне өзгеріс енгізілмек, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Елдегі ақылы жолдардың ақысын төлеу тәртібіне байланысты жоба “Ашық НҚА” порталында жарияланды. Жаңа жүйені қоғамдық талқылау мерзімі жарты айға жоспарланған.

Жобаға сәйкес жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесі) жүріп өту үшін ақы алу қағидаларына кейін төлеу қызметі енгізіледі. Яғни, бұған дейін алдын ала немесе ақы алу пунктінде төлем жүргізілсе, енді көлік жүргізушілері ақылы жолмен жүргеннен кейін 7 күнтізбелік ішінде төлей алады. 

Бірақ кейін төлеймін деп ескерусіз қалдырса көлік иесіне айыппұл салынады. Жеке тұлғаларға – 5 АЕК (17 250 теңге), ал заңды тұлғаларға – 10 АЕК (34 500 теңге) көзделген. 

Ал абономент бойынша бір айға және бір жылға есептелген анықтама енгізіледі. Әрине, оны сатып алу әрбір көлік иесінің өз еркінде. Бірақ бір облыста бірнеше ақылы учаскелер болса, әрбір ақылы учаске үшін жеке абонемент сатып алу қажет.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.