Балабақшада қараусыз қалған баланың аяғы күйіп қалды

1 440
Қарағандыдағы балабақшалардың бірінде екі жасар баланың табаны күйіп қалған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ekaraganda.kz сайтына сілтеме жасап.




"Kiddy land" жеке балабақшасында тәрбиешілер баланы жуындырмақ болып, оны қараусыз қалдырды. Соның салдарынан 2-3-ші дәрежелі термиялық күйік шалып, денесінің 4%-ы зақым алған.

"Бүлдіршін әлі де оңалту сатысында. Кінәлілерді жазалап, әділеттілікке қол жеткізуге тырысамыз. Сондай-ақ, ата-аналарға ескерту жасағымыз келеді. Бөтен адамдарға балаңызды аманаттамас бұрын қырағы және мұқият болыңыз", - деді анасы.

Қарағанды облысы бойынша ПД іс бойынша іс жүргізілгенін айтты.

Екі жасар баланың күйік алу фактісі бойынша мектепке дейінгі мекемеде ҚР ҚК 1-бөлігінің 306-бабы “Жұмыстарды орындау немесе тұтынушылардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігінің талаптарына сай келмейтін қызметтер көрсету” бойынша қылмыстық іс тіркелген. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.