Шөкеев спектакль қоюға неге 246 миллион теңге жұмсалғанын түсіндірді
342
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бір спектакль қоюға неге 246 миллион теңге жұмсалғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
"Сіз Түркістан музыкалық драма театрындағы Бөрте театрының бір қойылымы үшін 246 миллион теңге жұмсау тым қымбат деп ойламайсыз ба? Басқа қалаларда осындай спектакльдер 4-5 миллион теңгеге шығады. Оған қоса тендерге театр директоры қатысқан. Қалай ойлайсыз, бұл қаншалықты дұрыс және мұндай шығын қаншалықты орынды?", - деп сұрады Шөкеевтен журналист ОҚК брифингінде.
Өмірзақ Шөкеев журналис пікірімен келіспеді.

"Олай ойламаймын. Сметаны түгелдей тексердік, ол жерде артық ештеңе қарастырылмаған. Бұл мүлдем жаңа театр екенін ескерсек, декорациялар, костюмдер, авторлар мен режиссерлердің қаламақысы, актерлердің жалақысы - бәрі орынды. Тексеру көрсетті.
Жалпы, керісінше, Түркістанға келген осы театр ұжымына алғысымыз шексіз. Олардың барлығы астанада, соның ішінде шетелде жұмыс істеген. Ал алғашқы қойылым осындай жоғары деңгейде қойылды. Бүгінде бұл театрды, Бөрте спектаклін қаламыздың көрнекті орны деп атауға болады. Бұл театрды көруге Нұр-Сұлтан, Алматы және басқа да қалалардан адамдар арнайы келеді", - деді Шөкеев.