Ұшақтың суға құлаған сәті видеоға түсіп қалған

1 573

көрнекі фотоВидеодан ұшақтың қалай қатты екпінмен келіп төңкеріліп түскенін көруге болады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ан-2 ұшағы биіккке көтерілу сәтінде сәтсіздікке ұшырап, қатты екпінмен келіп суға құлаған. Артынша әуе кемесі төңкеріліп түседі. 


Оқиға 3 мамыр күні сағат 16:10-ның шамасында болған. Арқалық – Ақсұңқар бағытын бетке алған "Навигатор" әуекомпаниясының санитарлық Ан-2 ұшағы  ұшу барысында күрт төмендеп, су айдынына барып құлаған.  


Экипаж мүшелері мен жолаушылар ауруханаға жеткізілді, зардап шеккендер жоқ.   


"Әуе кемесінің бортында екі экипаж мүшесі және үш қызметтік жолаушы болды. Барлық жолаушылар мен экипаж мүшелері Қостанай облысы бойынша ТЖД-ны Арқалық қалалық ауруханасына жеткізілді. Алдын ала ақпарат бойынша, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", – деп жазды министрліктің баспасөз қызметі.


Министрліктің мәлімдеуінше, бұл жағдай әуе оқиғасы ретінде тіркеліп, оны азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган тексермек. 


"Бұл авиациялық оқиға болғандықтан оны азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган тексеруі тиіс.Оқиғаны тергеуге арнайы комиссия құрылды. Оқиғаның себебі мен мән – жайлары анықталып жатыр,”- делінген хабарламада. 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.