Қазақстанда жеңілдетілген несие алу үшін малды чиптеу міндеттелмек

1 517

Фото: Pixabay.comҚазақстанда жеңілдетілген несиелерді чиптелген малға ғана беру жоспарланып отыр, ақпаратты Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғалий Бердалин мәлімдеді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Министрлік тікелей субсидияларды кезең-кезеңімен қысқартып келеді (кейінгі екі жылда 23 түрінен бас тартылған) және жеңілдетілген несиелеу жүйесіне көшіп жатыр. Енді қаржы алу үшін фермерлер кооперативтер арқылы малын өз қаражаты есебінен сәйкестендіріп, чип орнатуға тиіс.

"Қаражат алсаң, чип орнат. Сонда біз қаржының мақсатты жұмсалып жатқанын көре аламыз”, – деді ол.

Қазір министрлік малдың есебін жүргізетін ескі деректер базасын жаңа орталыққа ауыстырып жатыр. Чиптеу – мал басын нақты есепке алудың негізгі тәсілі ретінде қарастырылып отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі таратқан мәлімет бойынша, бүгінде агроөнеркәсіптік кешендегі субсидияның жалпы берешегі 341,3 млрд теңгеге жеткен. Оның 152,2 млрд теңгесі несие пайызын субсидиялауға тиесілі екен.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.