Шенеуніктер жүйке ауруларына шалдыққан науқастар үшін 74 млн теңгеге нан алмақ болған

1 004
Шымкенттегі №2 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы 74 млн теңгеге нан сатып алмақ болған, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Антикор мәліметінше, орталықтың 240 тұрғыны үшін 225 тонна қара бидай нанын сатып алуды жоспарлаған. Бұған бюджеттің 74 млн теңгесін жұмсау көзделіпті. Алайда іске Шымкенттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі  араласып, орталық басшылығының қитұрқы ойы жүзеге аспай қалған.

Анықталғандай, пациенттердің дәл осынша санына өткен жылы 12,2 млн теңгеге 53 тонна нан сатып алынған.

Департамент мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атына сатып алу көлемін төрт есе көбейтуді қайта қарау және оны талапқа сәйкестендіру туралы ұсыныс хат жолдады. Осы жұмыстың қорытындысы бойынша жоспарланған сома 3,4 млн теңгеге дейін төмендетілді, қажетті нан мөлшері 25,7 мың нан орамына дейін азайды, - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.