Жедел жәрдем көлігі адам қағып кетті

1 353

Фото: Tengrinews.kz/Алихан СариевЖедел жәрдем көлігі адам қағып кетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан жедел жәрдем көлігінің арнайы белгіленген жүргіншілер жолағында екі әйелді қағып құлатқанын көруге болады.Кейінірек олардың біреуі ғана зардап шеккені белгілі болды.


Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше оқыс оқиға Алматы қаласының Алмалы ауданында сағат 16:50-де болған.


"Тілендиев көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан жедел жәрдем жүргізушісі солға бұрылған кезде 1947 жылы туған әйелмен соқтығысты. Әйел ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады полиция департаменті.


Оқиғаны Алмалы ауданының полиция қызметкерлері тергеуге кіріскен.

 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.