Енді прокатқа шығатын фильмдерді арнайы комиссия тексереді

1 516

фото: ©коллаж /бильд-редактор Ахтам ЗиперовОсы жылдың 16 - маусымынан бастап прокатқа шығатын фильмдер тексерістен өтіп, арнайы құжат алуы керек,- жеп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Kz.kursiv.media сайтына сілтеме жасап.

 Мәдениет және ақпарат министрлігі заңға осындай ереже енгізген. Жаңа өзгеріс бойынша, картинаға прокат алды сараптама тағайындалмақ. Оның құрамына кіретін сарапшылар фильмде пропаганда, конституциялық құрылымды, ел тұтастығын бұзуға бағытталған агитация,әлеуметтік, ұлттық, діни алауыздықты қоздыратын эпизодтар бар-жоған анықтайды. Сондай-ақ фильмде қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табынушылық, порнография, педофилия мен дәстүрлі емес сексуалдық бағыт насихатының болмауын да тексереді. Сараптамадан өту үшін дистрибьютор фильмнің кинотеатрларда көрсетуге арналған нұсқасын ұсынуы тиіс. Комиссия оны көріп шығып, мазмұнын саралап, комиссия отырысында талқылағаннан кейін дауыс беріп, қорытынды шешім шығарады.

Комиссия министрлік жанынан құрылған, құрамына кино саласының кәсіби мамандары, тарихшылар, психологтар мен қоғам белсенділері кіреді. Егер сараптамадан өтпей, құжат ала алмаса фильмге Қазақстан аумағында көрсетуге ресми рұқсат берілмейді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.