12 қабатты тұрғын үйдің төбесіне көлігін шығарған жүргізуші ұсталды

2 619

Фото: Шымкент ПДШымкентте автокөлігін көпқабатты үйдің төбесіне шығарып, дрифт жасаған жас жүргізуші полицияға ұсталды,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Ведомствоның мәліметінше, ер адам әлеуметтік желіде танымал болу мақсатында құрылысы аяқталмаған 12 қабатты үйдің (биіктігі шамамен 40 метр) төбесіне көлігін шығарып, қауіпті маневрлер жасаған. Оқиға видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен тараған.

Полиция қызметкерлері азаматты анықтап, оған қатысты бірнеше әкімшілік хаттама толтырды. Сонымен қатар автокөлік айыптұраққа жеткізілді.

Құқық қорғау органдары мұндай әрекеттердің аса қауіпті екенін ескертіп, заң талаптарын сақтауға және желідегі "хайп" үшін өз өмірі мен өзгенің өміріне қауіп төндірмеуге шақырды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.