Сұйытылған газ тек талонмен сатылып жатыр
215

"Елордалық жанармай құю стансаларында автогаз үшін кезек пайда болды, сұйытылған газ талондар арқылы сатылып жатқанын айтушылар бар", – деп хабарлады «Астана – Что? Где? Когда?» телеграм-арнасы.
Kaztag агенттігінің мәліметінше, Астанада Gais energy-дің тек Шыңғыс Айтматов көшесі, 50 және 69 мекенжайларындағы стансаларындағы ғана газ шектеусіз сатылып жатыр. Қалған филиалдарда талондар бойынша.
Sinooil-дың жанармай құю бекеттерінде газ мүлдем жоқ екені белгілі болды.