Жалағаш ауданында «Салауатты сана» жобасы аясында кездесу өтті

1 283

Жалағаш ауданының қоғамдық даму бөліміБүгінгі Жалағаш ауданының отбасын қолдау орталығында аудандық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің «Салауатты сана» жобасы аясында кездесу өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жиынға облыстық «Қоғамдық  келісім» КММ директорының орынбасары Р.Құрманов, аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Ж.Еспенбет, облыстық Аналар кеңесінің төрайымы А.Мұсабаева, аудандық аналар кеңесінің төрайымы А.Жақсылықова, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Э.Әбсатова, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы А.Тәуіпбаев, Жалағаш аудандық отбасын қолдау орталығының директоры  Ғ.Жаңашев, Жалағаш ауданының полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының  инспекторы, полиция майоры Ұ.Ахметова, сарапшы, кеңес хатшысы И.Жамбыл және аналар кеңесінің мүшелері қатысты.

Жиынды аудандық аналар кеңесінің төрайымы Айқын Жақсылықова жүргізіп, «Салауатты Сана» жобасы нашақорлық, құмар ойындарға тәуелділік (лудомания), тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдық сияқты әлеуметтік кеселдермен күресуге бағытталғанын атап өтті.

Сонымен қатар, облыстық «Қоғамдық  келісім» КММ директорының орынбасары Руслан Болатбекұлы, облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Айгүл Нажмадинқызы аталған жоба Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының Парламентпен, мемлекеттік органдармен, мәслихаттармен өзара іс-қимылын күшейтуге, жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілетуге, жалпыазаматтық бірегейлікті, қоғамдағы сенім мәдениетін нығайтуға, қоғамның әлеуметтік кеселдеріне қарсы іс-қимылға, жастарды тәрбиелеуге және жас кадрлар даярлауға арналғанын жеткізсе, аудандық қоғамдық даму бөлімінің қызметкері Арыстанбек Байқабылов жастар арасындағы дінге теріс көзқарастың қалыптасуы әсіредіншілдіктен бастау алатынын, оның соңы діни экстремизм және терроризмнің құрбаны болуға дейін апаруы ықтимал екенін айтты. 

Мұнан бөлек, аудандық полиция бө¬ліміне қарасты жергілікті полиция қы第меті бөлімшесінің әйелдерді зор¬лық-зомбылықтан қорғау тобының инс¬пекторы, полиция майоры Ұлбосын Ахметова, «Жалағаш аудандық отбасын қолдау орталығының» психологі Ақмарал Темірбек тұрмыстық зорлық-зомбылыққа алып келетін негізгі отбасылық дау-жанжалдар мен әлеуметтік мәселелерге тоқталды. 

Кездесуде отбасындағы тәрбиенің негізі, отбасылық үйлесімділік, сондай-ақ, келешек жастардың ата-анамен байланысы да кеңінен талқыланды. 

Жиын соңында қатысушылар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, сұрақтарға жан-жақты жауап берілді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.