Облыс әкімдігі 252 млн теңгеден астам қаржыға жол талғамайтын көліктер алмақ

1 375

Алматы облысының әкімдігі жаңа автокөліктер үшін бюджеттен 252 млн теңгеден аса қаражат жұмсамақ, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


КазТАГ сайтының мәліметінше, мемлекеттік сатып алулар сайтында лотты Алматы облысы әкімі аппаратының «Шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жариялаған.


Көлік алу үшін бюджеттен 252 560 000 теңге бөлінген, яғни әр көлік үшін 25 256 000 теңге жұмсалмақ.


Лотта көлікке қойылатын талаптар да жазылған. Мәселен, қозғалтқышының көлемі 3 мың текше сантиметрге дейін, кузов түрі – 5 орындық жол талғамайтын көлік. Ұзындығы 4886 сантимтрден, ал ені 1934 сантиметрден кем болмауы керек.


Бұл айтылған өлшемдер жақында таныстырылған қытайлық Tank 500 көлігінің өлшемдерімен бірдей екен.


Аталған лотқа әлі бірде-бір өтініш түспеген. Ал талқылау мерзімі 25 қыркүйекте аяқталады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.