Лифтіні тепкілеп, бүлдірген үш жігіт әкімшілік қамаққа алынды

1 500

Фото: Polisia.kzАқтөбеде әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында жас жігіттердің көпқабатты тұрғын үйдегі лифтіні қасақана бүлдірген сәті түсірілген бейнежазба анықталды, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Оқиға Ақтөбе қаласындағы 11-шағын ауданда болған. Бейнежазбада лифтіге мінген үш жігіттің бірі оның есігін аяғымен бірнеше рет теуіп, жұдырығымен ұрғаны көрінеді. Салдарынан лифт есігі зақымданып, тұрғындар оны уақытша пайдаланудан шығаруға мәжбүр болған. Полиция қызметкерлері құқық бұзушылардың жеке басын жедел анықтап, оларды полиция бөліміне жеткізді. Тексеру барысында лифтіні бүлдірген азаматтың осы үйдің тұрғыны 26 жастағы Бекзат Құрақбаев екені анықталды. Оған және Ақтөбе облысының тұрғындары, 25 жастағы Азамат Торымов пен 26 жастағы Саламат Жолдыбайға қатысты үш әкімшілік құқық бұзушылық бойынша материалдар жинақталды.

Атап айтқанда, қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде жүру, тыныштықты бұзу және ұсақ бұзақылық деректері бойынша әкімшілік шаралар қабылданды. Сот шешімімен үш азамат та әкімшілік қамаққа алынды.

Лифтіні тепкілеп, бүлдірген жігіт 10 тәулікке, ал оның екі серігі 5 тәуліктен әкімшілік қамаққа жабылды. Полиция тұрғындарды қоғамдық тәртіп пен заң талаптарын сақтауға шақырады. Қоғамдық мүлікке қасақана зиян келтіру және өзге де құқыққа қайшы әрекеттер заң аясында жауапкершілікке әкеп соғады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.