Кранда ілініп, шырша безендірген жұмысшы жазалануы мүмкін

473
Желіде Атыраудағы Исатай және Махамбет алаңдарына қойылған бас шыршаны безендіру сәті түсірілген сурет тарады. Кадрда жұмысшы кранға ілініп тұрғаны көрінеді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото Instagram желісіндегі qumash_kz-парақшасында жарияланған.

Бұл сурет желі қолданушыларын күлдірді, олар жазбаға түрлі пікір қалдырған: "Spider man өзгерген", "Технология көмегі", "Мереке үшін не істейсің?".

"Мой город" порталы мәліметінше, Атырау қаласы әкімдігі қауіпсіздік ережесін бұзғандарға шара қолданылатынын мәлімдеген.

"Жұмыс орнында қауіпсіздік ережелерін сақтамау дерегі бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Шара қолданылады", - деді Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Нұрислам Ғұмар.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.