10 және 11 жастағы мүгедек қыздарын зорлап ВИЧ жұқтырған ер адам өмір бойына сотталды

1 518

Фото: Opennews.kz ЖИПавлодарда кәмелетке толмаған екі қызға жыныстық зорлық-зомбылық көрсетіп, олардың ВИЧ инфекциясын жұқтыруына себеп болған 48 жастағы ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Үкім Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында шығарылды.

Сот ер адамды екі бап бойынша кінәлі деп таныды

Павлодар тұрғыны кішкентай екі апалы-сіңлілі қызға қатысты аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін айыпталды. Қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралғанымен, үкім ашық жарияланды.

Сот төрағалық етуші судья Жанна Нығыбаеваның айтуынша, айыпталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі және 120-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылған.

Атап айтқанда, ер адам дәрменсіз жағдайдағы қыз балаларға қатысты сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасап, олардың абайсызда ВИЧ инфекциясын жұқтыруына себеп болғаны, сондай-ақ зорлау қылмысын жасағаны үшін сотталды. Судья аталған баптардың санкцияларында өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін түсіндірді. Сот қылмыстың алкогольдік масаң күйде жасалуын ауырлататын мән-жай деп таныды. Ал сотталушының кінәсін мойындауы және бұрын сотталмағаны жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде ескерілді.

Оқиға қалай болған

Сотта белгілі болғандай, қылмыс өткен жылдың көктемінде жасалған. Сол кезде апалы-сіңлілі екі қыздың бірі 10, екіншісі 11 жаста болған. Екеуінің де мүгедектігі бар. Балалардың анасы 2018 жылдан бері сотталушымен бірге тұрған.

Анасының айтуынша, ол бұған дейін де қыздарын бірге тұратын ер адаммен үйде бірнеше рет қалдырған. Бұрын балаларға қатысты күдік тудыратын жағдай байқалмаған, алайда оқиға болған күні әйел үйде болмаған. Осы сәтті пайдаланған ер адам алкогольдік масаң күйде балаларға қатысты қылмыс жасаған.

Aйыпталушының сотта жауап беруден бас тартқанын айтты. Осыған байланысты ер адамның өзінің ВИЧ жұқтырғанын білген-білмегені сот отырысында нақтыланбаған.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ

Сот шешімімен 48 жастағы ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады. Қазіргі уақытта сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.