Меккеде жыныстық қатынасқа түскен екі азаматы Сауд Арабиясында өлім жазасына кесті

1 597

Фото: Opennews.kz ЖИСауд Арабиясында Бангладештің екі азаматына шығарылған өлім жазасы орындалды. Олар мұсылмандар үшін қасиетті Мекке қаласындағы мешітте "әдепсіз әрекет жасады" деп кінәлі болып танылған, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі. 

Үкімнің орындалғанын корольдіктің Ішкі істер министрлігі мәлім етті. 

Министрліктің мәліметінше, өлім жазасына кесілгендер – Бангладеш азаматтары Назрул Ислам Абдул Басир мен Сити Актар. Олар мұсылмандар үшін қасиетті саналатын Мекке қаласындағы мешітте жыныстық сипаттағы әрекеттер жасады деген айыппен сотталған. Сауд Арабиясының Ішкі істер министрлігі олардың әрекетін қасиетті орынның қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін ауыр құқықбұзушылық деп бағалаған.

Ведомствоның мәлімдеуінше, сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін, 14 қазанда өлім жазасы орындалған.

Бангладеш билігі Сауд Арабиясы екі азаматқа өлім жазасы тағайындалғанын да, үкімнің орындалғанын да хабарламағанын мәлім етті. Бангладеш Сыртқы істер министрлігінің өкілі Шама Обаедтің сөзінше, ведомство Сауд Арабиясының үкіметіне хат жолдаған. Хатта болған оқиға туралы толық мәлімет беру сұралған.Сонымен қатар Сауд Арабиясында сенбі күні терроризмге қатысты істер бойынша сотталған бес азаматтың өлім жазасы орындалған. Сот оларды шетелдік террористік топқа қосылғаны, қауіпсіздік қызметкерлеріне оқ атқаны, қару сақтағаны және елдегі террорлық шабуылдарға қаржы бергені үшін кінәлі деп таныған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.