Ең төменгі жалақыны 130 мың теңгеге көтеру қарастырылып жатыр
Үкімет ең төменгі жалақыны белгілеуге қатысты конвенцияны ратификациялауға ниетті. Министрлер кабинеті "Ашық НҚА" сайтында тиісті заң жобасы қоғамдық талқылау шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Заң жобасы қабылданса, Қазақстандағы ең төменгі жалақы 129 731 теңге 50 тиын болады.
Бұл сома халықаралық еңбек ұйымының бас конференциясында қабылданған дамушы елдерді ерекше ескере отырып, ең төменгі жалақыны белгілеу туралы конвенциядан шықты.
Конвенция бойынша ең төменгі жалақы деңгейін анықтау кезінде бірнеше фактор ескеріледі:
Елдегі жалақының жалпы деңгейін, өмір сүру құнын, әлеуметтік төлем және басқа әлеуметтік топтардың салыстырмалы өмір сүру деңгейін ескере отырып, жұмысшылар мен олардың отбасыларының қажеттіліктері;
Экономикалық даму талаптарын, өнімділік деңгейлерін және жұмысбастылықтың жоғары деңгейіне қол жеткізу мен қолдауды қажет ететін экономикалық пікірлер.
Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған заң жобасына түсіндірме хатта жобаны қабылдауға халықаралық шарттары әсер еткені айтылады.
Қазіргі уақытта конвенцияны халықаралық еңбек ұйымына мүше 54 мемлекет ратификациялады. ТМД елдерінің ішінде құжатқа Армения мен Әзірбайжан қол қойды.
Экономист Әнел Даулетқалиева ең төменгі жалақыны анықтау тәсілдері ел экономикасының, еңбек нарығының ерекшеліктеріне және басқа да факторларға байланысты екенін айтады. Әлемдік тәжірибеде ең төменгі жалақының сәйкестігін бағалау үшін әртүрлі көрсеткіштер қолданылады. Ең кең таралғаны – Кайц индексі. Бұл – ең төменгі жалақының орташа жалақыға қатынасы, оны ХЕҰ 50% деңгейде қолдануға ұсынады.
Көптеген елдер бұл көрсеткішті артып жатыр. Мысалы, Португалияда Кайц индексі – 70%, Польшада – 63%, Боливияда – 66%, Чилиде – 66%, Эквадорда – 88%.
Қазақстанда ұзақ уақыт бойы ең төменгі жалақы ең төменгі күнкөріс деңгейінде белгіленді, тек 2019 жылы ғана ол ең төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары болды, яғни 42,5 мың теңге болып белгіленді.
Егер Қазақстан 131-конвенцияға қосылса, елдегі Кайц индексі орташа жалақының кем дегенде 50% болу керек. Ал 2024 жылдың басында Қазақстандағы орташа жалақы 259 463 теңгеге жетті.