Ақтөбеде 5 және 6 жасар екі бала суға батып кетті

372

Фото: pixabay.comБасылым таратқан ақпаратқа сәйкес, Ақтөбе облыстық төтенше жағдайдар департаментінің кезекші бөліміне хабарлама 12 мамыр күні сағат 22:29-да түскен. 

Онда ер адам 5 және 6 жасар екі баланың Ақтөбе қаласы, Бекқұл баба ауылындағы Жаман Қарғалы өзеніне батып кеткенін айтыпты. 
Осыдан кейін оқиға орнына сүңгуірлер мен психологтар жіберілген. 

Құтқарушылар жеткенше сол жердегі адамдар 2015 жылы туған баланың денесін жағаға алып шыққаны белгілі болды.

 "Оқиға орнына жеткен сүңгуірлер 2014 жылы туған баланың денесін іздеуге кірісті. Сағат 00:09-да жағадан 3 метр қашықтықтан, 7 метр тереңдіктен 6 жастағы баланың денесі табылды. Екі бала да бақылаусыз қалған. Суға шешініп түскен. Жанында ата-анасы болса, бұндай қайғылы жағдай тіркелмес еді",- деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

Ведомство мәліметінше, суға батып кеткендер бір отбасының балалары емес. 

Қазіргі уақытта балалардың ата-анасыз қалай суға барғаны анықталуда. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.