Казиноға барған ішкі істер министрлігінің 17 қызметкерлері жұмыстан босатылды

241
Ішкі істер министрлігі казиноға барған қызметкерлерін жұмыстан шығарды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Прокуратура тексерісі кезінде құмар ойынға әуес екені анықталған 305 мемлекеттік қызметкердің 88-і Ішкі істер министрлігінде жұмыс істеген.

88 полиция қызметкері анықталды (ақпаратта бірқатар полиция қызметкерлерінің деректері қайталанады), оның ішінде 17-сі Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарынан қызметінен босатылды.
Құмар ойындарға қатысу фактілері анықталған қызметкерлерге қатысты «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес тәртіптік шаралар қолданылды, - деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

Аталған жайтқа қатысты ведомство басшылығы түсініктеме беріп, 17 қызметкер жұмыстан босатылғанын мәлімдеді. Қалғанына тәртіптік шара қолданылған.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.