Казиноға барған ішкі істер министрлігінің 17 қызметкерлері жұмыстан босатылды
243
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Ішкі істер министрлігі казиноға барған қызметкерлерін жұмыстан шығарды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.Прокуратура тексерісі кезінде құмар ойынға әуес екені анықталған 305 мемлекеттік қызметкердің 88-і Ішкі істер министрлігінде жұмыс істеген.
88 полиция қызметкері анықталды (ақпаратта бірқатар полиция қызметкерлерінің деректері қайталанады), оның ішінде 17-сі Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарынан қызметінен босатылды.
Құмар ойындарға қатысу фактілері анықталған қызметкерлерге қатысты «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес тәртіптік шаралар қолданылды, - деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

Аталған жайтқа қатысты ведомство басшылығы түсініктеме беріп, 17 қызметкер жұмыстан босатылғанын мәлімдеді. Қалғанына тәртіптік шара қолданылған.
Қаз
Рус