Нұрсұлтан Назарбаевты қандай қылмыс бойынша жауапқа тартуға болады – Министр айтты

304

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты мемлекетке опасыздық жасағаны үшін ғана жауапқа тартуға болады, ал басқа қылмыстары үшін іс қозғалмайды. Бұл туралы әділет министрі Қанат Мусин айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото: Назарбаевтың жеке архив қоры

Журналистердің сұрақтарына жауап берген министр "Енді экс-президентке қатысты іс қозғап, оны жауапқа тартуға болады ма?" деген сұраққа қысқаша "жоқ" деген жауап айтты.


Журналистердің бірі мұның Назарбаевтар отбасына, мысалы, қыздарына немесе күйеу балаларына қатысы бола ма деп сұрады.


"Мен мұны нақты айта алмаймын. Конституцияда тек президентке ғана қатысты, норма олардың әйелдері мен отбасы мүшелеріне қатысты емес екені айтылған. Олар (Президенттің туыстары – Ред.) Тұңғыш Президент заңы бойынша қорғалмаған", - деді министр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.