Қызылорда облыстық перинаталды орталықта ауызсу неге жоқ?
1 917
Қызылордада «Ана мен бала» орталығында су тапшылығы орын алды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінде медицицна саласына қатысты бір емес бірнеше сыни пікірлер айтылуда. Десек де, ана мен бала өміріне жауапты мекеменің басы даудан арылар емес.
Instagram әлеуметтік желісіне
«Мен 24 кыркүйекте ана мен бала орталығында босандым. Шағымым бар. Үлкен орталықта жылы су түгілі мұздай суда ақпай тұр. Босанған әйелдерге мүмкіндік жоқ. Әжетханадан да су ақпай, сасып жатыр.»- деген жазба қалдырылған болатын.
Расында, бір емес бірнеше емделуші тарапынан ауыз су тапшылығы орын алғандығы жөнінде шағым келіп түскен болатын. Солардың бірі:
Алайда, босанушылардың айтуынша ауызсудың тапшылығымен қатар жаңадан салынған перинаталды орталық болса да, ескі керуеттер қойылған, өзің екі қабат кезде зорға отырып тұрасың ал мында керуеттердің бірінің ортасы түсіп кетсе, енді бірі тақтайда жатасың деп наразылық білдіруде.
Ал, «Облыстық перинаталдық орталығы» мамандарының айтуынша,
Сонымен қатар, перинаталды орталықтың ақылы бөлімшесі бар екендігі де мәлім болды. Сервистік қызмет үшін тәулігіне 12 900 теңге төлеп, жайлы төсек орынмен жабдықталатындығы да жасырын емес.

«Босанған әйелге жағдай жасалмаған, оның үстіне ішіндегі бөлімшелер орын ауыстыруда. Ауызсу ақпағалы 2- күннен асып барады. Әжетханаға шыға алмай отырмыз. Себебі су жоқ. Жағымсыз иіс болмасын деп. Түнгі 3-терге таяу берілді. Енді бүгін де солай берілетін шығар.»,- дейді Айзат.
Алайда, босанушылардың айтуынша ауызсудың тапшылығымен қатар жаңадан салынған перинаталды орталық болса да, ескі керуеттер қойылған, өзің екі қабат кезде зорға отырып тұрасың ал мында керуеттердің бірінің ортасы түсіп кетсе, енді бірі тақтайда жатасың деп наразылық білдіруде.
Ал, «Облыстық перинаталдық орталығы» мамандарының айтуынша,
«Техникалық ахауларға байланысты су жүйесі мамандарымен жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жағдай жайлы пациенттерге алдын-ала ескертілген. Уақытша орын алған келеңсіздік. Қысқа дайындық мақсатында құбырларды тазалау жұмыстары жүргізілген. Ал, керуерттерге келер болсақ бастапқы кезде алынған. Қолданысқа берілгенімен ауыстыру мерзімі әлі өтпеген. Тақтай қойылатын себебі де керуеттердің ортаңғы бөлігі созылғандықтан.»,- деп хабарлады.