Дәрігерлер тұрғын үй ауласында әйел адамды босандырып алған

1 503

Фото:©видеодан алынған кадр Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы Шұғыла шағынауданында болған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарт вгенттігі qaz.ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдем қызметіне шақырту таңғы сағат 06:21-де түскен. Дәрігерлер оқиға орнына небәрі 10 минут ішінде жеткен. Сол сәтте әйелдің толғағы күшейіп, босану процесі басталып кеткен. 
Куәгерлердің айтуынша, аулада көліктердің көптігінен жедел жәрдем көлігі шақырту орнына тікелей жете алмаған. Соның салдарынан медицина қызметкерлері босануды жедел жәрдем көлігінің зембілінде қабылдаған. Нәтижесінде дүниеге дені сау қыз бала келген.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл ауданда автотұрақ тапшылығы бұрыннан шешімін таппай келеді. Олардың сөзінше, құрылыс салушы компания жеткілікті тұрақ орнын қарастырмаған. Сонымен қатар, аудан қарқынды салынып, халық саны да артып келеді. Аулалардағы көліктердің көптігі салдарынан жедел жәрдем ғана емес, өрт сөндіру және басқа да арнайы қызмет көліктерінің еркін қозғалуына кедергі туындаған. Тұрғындар күн сайын тұрақ тапшылығына тап болатынын айтып, мұндай жағдайдың қайғылы оқиғаға ұласпай тұрғанда қала билігін мәселені шешуге шақырған. Олардың пікірінше, бұл жағдай жауапты органдардың автотұрақ мәселесіне назар аударып, төтенше жағдай қызметтерінің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етуіне түрткі болуы тиіс.