«ҚазТемірТранс» АҚ бұрынғы вице-президенті 5,2 миллиард теңге жымқырған

1 531

Фото: ©qamqor.gov.kzҚазақстан Қаржылық мониторинг агенттігі «ҚазТемірТранс» АҚ-ның бұрынғы вице-президенті А.А.Капеновке қатысты қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану және ақша жымқыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

А.А. Капенов қызметтік өкілеттігін пайдаланып, жүк вагондарын басқару қызметтерін көрсету барысында өзімен байланысы бар компанияларға заңсыз артықшылықтар жасаған. Осының салдарынан «ҚазТемірТранс» АҚ-ға 5,2 млрд теңгеден астам мөлшерде залал келтірілген. Қазіргі уақытта күдіктіге халықаралық іздеу жарияланып, соттың санкциясымен оған қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы сырттай тағайындалды. Келтірілген шығынды өтеу және заңсыз алынған активтерді қайтару мақсатында Бас көлік прокуратурасы «Достық» станциясындағы терминалды тәркілеу жөнінде сотқа дейінгі өтініш енгізген. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының қаулысымен аталған мүлік мемлекет кірісіне өткізілді. Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.