Қызылордада азық-түлік бағасы қашан тұрақталады?
1 680
Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары қала дүкендерін аралады, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру күн тәртібіндегі өзекті мәселе болып отыр. Тіпті, нарықта күнделікті тұрмыстық қолданысқа қажет азық-түліктердің бірі дүкен сөрелерінен табыла бермейтіндігі тағы бар. Ең сорақысы, қант бағасының күрт көтерілуі мен ұн тапшылығы орын алады деген ақпарат елімізді дүрліктіргені де жасырын емес.
Осыған сәйкес, қала әкімінің орынбасары Жанмұрат Сейілов қаладағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларларының бағасын тұрақтандыру бойынша кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстарын жүргізген деп хабарлады қала әкімдігі.
Ендігі мәселе қала әкімінің орынбасары кәсіпкерлік нысан иелеріне тауарларға бағаны негізсіз өсірген жағдайда «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 204-4 бабына сәйкес жауапкершілік қаралатындығы айтып, ескертпе берілгендігі мәлім болды.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын шекті бағадан асырылмауы тиіс деген қала басшылығы тарапынан тек ескертпе беруіне не себеп? Арнайы тексеру жұмыстарын жүргізе отыра, шара қолданылатындығын жариялаған жергілікті билік әлі күнге дейін қағаз бастылықтан айырылмаған сыңайлы. Жергілікті билік халық игілігі үшін жұмыс істеуге асықпайды деген қала тұрғындары наразылықтарын білдіруде.
Ал, қала шенеуніктері бағаны тұрақтандыруға барын салып жатқандарын алға тартып әлек. Бірақ онысы еш байқалмайды деп ашынады тұрғындар. Өзімізде өнім өндірілмей, көршіге телміргендіктен қымбатшылықты тоқтату әзір мүмкін болмай тұр.
АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ

«Нан бағасы қымбаттады. Себебі дүкендегілер наубайхана қымбат әкелді, дейді. Ұнның қабы да қалатамызға ауыр түсуде. Ал, күнделікті тұрмыстық қажеттілігімізді өтейтін химиялық тауарлар тіпті қымбат. Осыны бақылайтын әкімдік, әлі кеңселерінен шығар емес. Себебі оларға бәрібір»,- дейді Күлсін Ахмедиярова.
«Қымбатшылық пен нарықтағы бағамен бақылау жасауды Президентіміз әкімдікке тапсырды, ал әкімдік кәсіпкерлерге қол сұға алмаймыз деп қашады. Сонда халықтың жағдайын кім ойламақ? Мына қымбатшылықтың шегі бола ма?»,- дейді Жолдасбек Нұрмағанбетұлы.