2025 жылға қарай Қазақстанда газ тапшылығы сезілуі мүмкін
388
Энергетика министрі Болат Ақшолақов сенатта өткен үкімет сағатында алдағы уақытта Қазақстанда газ тапшылығы болуы мүмкін екенін болжады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
"Газдың маңыздылығы әлемде де, отандық экономикада да едәуір артып келеді. Тұрмыстық газ тұтыну 2017 жылдан 2021 жылға дейін 4,8 миллиардтан 18 миллиард л3-ке дейін өскен. Тұтынудың орташа жылдық өсімі шамамен 7% құрайды. Ішкі нарықтағы тұтынудың қарқынды өсуінен кейін 2025 жылға қарай біз газ тапшылығы айтарлықтай болады деп болжап отырмыз. Елдегі тау-кен металлургия кәсіпорындары көмірден газға белсенді түрде ауысса, тапшылық болады", - деді министр.
Ақшолақовтың айтуынша, мәселені шешу үшін газ саласына преференциялар қажет. Сонымен қоса министр жер қойнауын пайдаланушыларды ынталандыру мәселесін де пысықтап жатқанын жеткізді.
Айта кетейік, газ қоры бойынша Қазақстан әлемде 22-орында, ТМД елдерінде Ресей мен Түркіменстаннан кейін үшінші орында.