Байқоңырдан Ресейдің Жерді бақылайтын ғарыш кемесі ұшырылды

1 596

Фото: roscosmos.ruСоңғы бір айда "Байқоңыр" ғарыш айлағынан екі ғарыштық ұшырылым жүзеге асырылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.


Кеше сағат 14:36-да ғарыш айлағының №31 алаңынан №4 Жерді қашықтықтан зондтау "Ресурс - П" ғарыш кемесі бар "Союз-2.1б" зымыран тасымалдағышы ұшырылды.


Роскосмос телестудиясы мамандарының ұшыру алаңынан жүргізген тікелей эфирі 13 сағат 50 минутта басталып, ғарыш кемесі орбитаға шыққанға дейін жүргізілді.


Ұшыру қалыпты режимде өтіп, зымыран тасымалдағыштың сатыларын бөлу белгіленген уақытта жүзеге асырылды және ұшырылғаннан кейін 10 минуттан соң ғарыш кемесі Жер орбитасына шығарылды.


Ресейлік Жерді қашықтықтан зондтау спутнигі планетамыздың табиғи ресурстарын зерттейді, қоршаған ортаның ластануын бақылайды, пайдалы қазбалардың кен орындарын іздейді, мұз жағдайын және төтенше жағдайларды бақылайды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.