"Біз көгершін қуырып жедік. Мәйіттер сасық, олар барлық жерде бар": 16 жастағы Мариуполь тұрғынының жазбасы
375
Мариуполь қаласының 16 жастағы тұрғыны, Катя есімді қыз сұмдық деректермен күнделік жазыпты. Аштық, анасының ажалы, барлығын күнде тізбектеп отырған6- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап. | |
«Мен бір кездері бір балаға ғашық болдым, бірақ ол маған ғашық болмады, мен бұл жаныңды ең ауыртатын нәрсе деп ойладым.
Бірақ анаң көз алдыңда өлсе, шынымен де ең ауыры сол екен. Ал бес жасар бауырым оның жанына келіп: «Мама, ұйықтама, тоңып қаласың» дей береді.
Біз оның бейітіне енді ешқашан зиярат етпейміз. Ол сол жертөледе мәңгіге қалды.
***
Бір жертөледе дәретханаға бардық, сонда ұйықтадық, тамақ жедік.
Коля ағай бірде көгершін ұстады,бұл бесінші-алтыншы күн болса керек. Оны қуырып жедік. Сосын бәріміз құстық.
***
Анам соңына дейін шыдады. Эвакуациядан үш күн бұрын қайтыс болды.
Мен ініме ол қатты ұйықтап жатыр, ояуға болмайды деп айттым.
Бірақ ол бәрін түсінген сияқты.
***
Көршіміз қайтыс болғанда біз оны шығарай алмай ақыры саси бастады. Содан кейін тыныштық орнады, Коля ағай көтеріп шықты, Бірақ өзі де минаға жарылып кетті. Әкеміз қайтыс болғаннан кейін ең жақын адам Коля ағай болды.
Мәйіттер сасық. Олар барлық жерде болды.Осының бәрін інім көрмесін көзін анамның орамалымен жаптым.
***
Мен Ресейді жек көремін, туыс ағам сонда тұрады. Бүгін телефонда маған оның не айтқанын білесің бе? «Катя? Қайдағы Катя? Мен сені танымаймын. Қандай соғыс, қандай Катя?
Содан кейін ол өзге нөмірден жазды: «Катя, маған жазба. Бұл мен үшін және менің отбасым үшін қауіпті. Ал анаңды енді қайтара алмайсың, деді.
Мен оларды жек көремін! Анам оның туған әпкесі еді ғой. Бұл қалай сонда?