Жүргізуші куәлігін алуға емтиханнан сүрінбей өтетіндер саны күрт азайды – Бағдат Мусин

437
Нұр-Сұлтанда жүргізуші куәлігін алуға құжат тапсырған 2 мыңнан астам адамның тек 30-ы ғана емиханды сәтті тапсырған- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы бүгін өзінің Facebook парақшасында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.


«Брифинг барысында журналистерге авто ХҚКО қызметін тексеру үшін қыркүйекте жасырын, яғни қарапайым клиент ретінде жүргізуші куәлігін алуға барып, біраз заңсыздықтарға тап болғанымды айтқан едім. Кейін осы тексерістің нәтижесімен бөлісуге сөз бердім.

«Азаматтарға арналған үкіметтегі» ішкі қауіпсіздік қызметінің мамандары жасаған видеоның негізінде осы маңызды мәселе бойынша шұғыл іс-шаралар қолға алынды.

Қазіргі таңда мемлекеттік корпорациядағы әріптестерім күллі ел бойынша бақылау жұмыстарын күшейткендіктен, мұндай жағдайлар басқа да аймақтарда анықталып жатыр.

Бұл бағыттағы барлық материалдар құқық қорғау органдарына жолданады.

Тексеріс басталғаннан бері күнделікті статистикаға көз жүгіртіп отырамын. «Праваға» практикалық және теориялық емтиханды сәтті тапсырғандардың саны бірден азайғанын байқауға болады. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласында соңғы екі аптада жүргізуші куәлігін алу бойынша 2160 өтініш түскен, соның ішінде тек 30 адам ғана сынақтан сүрінбей өткен.

Алдағы уақытта барлық мамандандырылған ХҚКО-да теориялық емтиханды тапсыру кезінде тұлғаны арнайы биометриялық тану жүйесін енгіземіз»,-дейді министр.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.