"Қарғыс алған адам жиі бастырылады"

621
Белгілі дінтанушы әрі имам Нұрлан қажы Байжігітұлы адамдардың жиі бастырылуына не себеп болатынын айтты. Имамның мәліметінше, бастырылу тек қана ішіне жын кірген адамдарға тән емес. 

"Бастырылуды көпшілік жаман іс жасағанда, тазаланбай жүргенде, шаршағанда болады деп біледі. Бұл да қате емес. Ал бастырылудың ең басты себептерінің бірі - қарғыс алу. Осыны көп ешкім ойлай бермейді.

Егер біреудің ала жібін аттап, жиі ұрлық жасап, басқаның көз жасына, ата-анаңның қарғысына қалсаң - бастырыласың.

Өзгені көп алдайтын, қулық-сұмдықпен, арамдықпен өмір сүретін, біреуді жазықсыз жылататын адам да көп бастырылады.

 Бірде жас ортасындағы кісі дем салып беруімді өтініп, хабарласа берді. Бастырылып қала беретінін айтты. Жиі өтінген соң, кездестім. "Отбасың бар ма?" деп сұрадым. Бір қызығы, 48 жастағы кісінің жанұясы жоқ екен. Әрине, елуді алқымдаған адамның бала-шағасыз болғаны маған біртүрлі көрінді. Сұрастыра білсем, төрт рет үйленіп, ажырасқан екен. Төрт әйелінен де бақыт таппаған, әр әйелімен бірге балалары да кеткен. Осыдан соң, бастырылу да басталады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.