7 сынып оқушысы туған әкесін пышақтап өлтірген
2024 жылғы 27 желтоқсанда Ақмола облысының Макинск қаласында түнде 12 жастағы ұл бала әкесімен жанжалдасып, оны пышақтап өлтірді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі жергілікті БАҚ «Nayza Kokshe»-ге сілтеме жасап.
Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, түнде кезекші бөлімге жедел жәрдем фельдшері хабарлап, «пышақ сұққаннан мерт болған адамның денесі табылғаны» туралы ақпарат берген. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері әке мен бала арасында жанжал болғанын анықтады.
Жарақаттардан ер адам оқиға орнында қайтыс болды.Мәліметке сүйенсек, «марқұм жол жөндеу мекемесінде жүргізуші болып жұмыс істеген және сол күні жаңа жылдық корпоративтен үйіне оралған».
Қылмысқа күдікті – жергілікті Б. Шолақ атындағы мектеп-лицейдің 7 сынып оқушысы. Құқық қорғау органдарының мәліметіне қарасақ, отбасы ажырасқан, соның өзінде бірге тұрған. Ал оқушы еш жерде есепте тұрған жоқ, бірақ қалада түнде жүріп, тәртіп бұзғаны үшін жауапқа тартылған кезі болған.
Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Қазіргі уақытта тергеу ісі жүріп жатыр.