Ауғанстандық қандастарымыз 5 облысқа орналастырылды
435
Ауғанстаннан келген қандастарымызды еліміздің бес облысына орналастырылды деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
9 қыркүйекте Ауғанстаннан келген қандастар Қазақстанның бес облысына қоныстана алады. Ол жерлерде арнайы квота бөлінген, оған сәйкес қандастар 200 мың теңге көлемінде біржолғы көмек алады және қандастарымызға тұрғын үйді жалға алатын қаражат берілетін болды.
"Отбасының бір мүшесіне 70 АЕК (2021 ж. 204 190 теңге - ред. ескертпесі), одан кейін бір жылға дейін 30 АЕК (87 510 теңге - ред. ескертпесі) жалға берілетін тұрғын үйге бөлінеді. Аталған бес облыс қатарына Ақмола облысы, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстары еніп отыр.
Біз оларға заң тұрғысынан бәрін түсіндірдік, Еңбек министрлігімен бірге көрсеттік. Әрине, бірінші кезекте олардың қалауы ескерілетін болады, олардың қайда тұрғысы келетіні ескеріледі», - деді Алматы қаласы әлеуметтік қамсыздандыру басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы.