Алматыны қалпына келтіру жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды

285

Алматыны қалпына келтіру жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды. Оны премьер-министрдің орынбасары басқарады, деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Роман Скляр Алматыны қалпына келтіру мәселелері жөніндегі үкіметтік комиссияға жетекшілік етеді", – деді ведомство мамандары.
Сонымен қатар президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына келді. 
"Президенттің Алматыға келгенін растаймыз. Ол Алматыда өткен жедел штаб отырысына қатысты. Қаза тапқан полиция қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің туыстары мен жақындарымен кездесіп, көңіл айтып, наградалар табыс етті", – деді президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
Айта кетері, Алматы қаласында 5 қаңтарға қараған түні бейбіт митинг жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елде билікті басып алуға жасырын дайындық жүргізілгенін мәлімдеді. Ол адамдар автогаз бағасының өсуіне байланысты халық наразылығын пайдаланып, жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырған, стратегиялық маңызы бар нысандарға да шабуыл жасады.
Алматыда сауда үйлерін тонау мен адамды жауыздықпен өлтіру әрекеттері тіркелді. Содырлар әуежайды да басып алған. Ал бүлікшілер әкімдік пен бірнеше республикалық телеарна орналасқан ғимараттарды өртеп жіберген.
Соңғы ақпаратқа сәйкес, Қазақстандағы тәртіпсіздіктер кезінде бизнес пен жергілікті билікке 103,7 млрд теңгеге залал келтірілді. Алматының өзі 102 млрд теңгеге шығынға батты.