Қаржы пирамидасы апта сайын доллармен табыс табатындарына сендірген

285
Қостанайда "Antares Limited" қаржы пирамидасы анықталды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.

 Ұйымдастырушылар азаматтарға компанияға 100 АҚШ долларынан бастап қолма-қол ақша салған кезде инвестициялардың 0,5-2% мөлшерінде күнделікті кепілдендірілген пайда табуға уәде берген. Қазіргі уақытта айыпталушыларға қатысты тергеу шаралары жүргізілуде.

Сот күдіктілерге үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

Қаржы мониторингі агенттігі тағы да азаматтарды сақ болуға және қаржы пирамидаларына тартатын алаяқтардың айла-амалдарына түспеуге шақырады. Қаржы пирамидаларының негізгі мақсаты –  өз капиталын тәуекелсіз жылдам көбейтуді ұсына отырып, сенімді азаматтар есебінен пайда табу екенін білу маңызды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.