Балабақша тәрбиешілері шенеуніктердің үйін тазалауға мәжбүр болған
313
Түркістандық шенділер балабақшаның азығын ұрлап, қызметкерлерден заңсыз ақша жинап, үйлерін тазалауға мәжбүрлеген, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Оtyrar.kz сайтына сілтеме жасап
Тәрбиешілер мен күтушілер өз мәселелерін айтуға жиналған. Олар күнделікті болатын озбырлықтан әбден шаршағандарын айтады. Басшылық балабақшаның қажеттіліктері үшін қызметкерлерден ақша жинайтын көрінеді. Сонымен қоса бұл жерде балалар тойып тамақ іше алмайды екен.
Екінші қызметкер басшылықтың азық-түлікке қалай қол салатынын айтып берді.
Қызметкерлер өзге шенеуніктердің үйін тазалауға, жууға қажетті заттарды өз қаражатына сатып алуға мәжбүр болып жатқандарын айтып наразылық білдіреді.
Қызметкерлер басшының үстінен қалалық кадрлық даму басқармасына ғана емес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке, еңбек инспекциясына, тіпті прокуратураға да бірнеше рет шағымданғандарын айтады.
Адами әлеуетті дамыту департаментінің мамандары тексеру жүргізілгенін атап өтті.
Алайда балабақша ұжымы директордың жұмыстан кетуін талап етіп отыр.

Балабақшаны безендіруі үшін ақшаны өзіміз жинадық. Жалақымыздан үнемі ақша жинап отырады, - дейді Түркістан қаласындағы "Бөбек" балабақшасының әдіскері Ләззат Ералиева.
Екінші қызметкер басшылықтың азық-түлікке қалай қол салатынын айтып берді.
Мысалы үшін, сатып алынған 116 келі еттің 3 келісі басшылықтың үйіне жөнелтіледі. Стандарт бойынша бізде әр балаға 100 грамм ет болуы керек. Соңында бұл көрсеткішті төмендетіп, 50-60 грамм ет беруге мәжбүрміз, - дейді дейді Түркістан қаласындағы "Бөбек" балабақшасының қызметкері Ардақ Жұмашева.
Қызметкерлер өзге шенеуніктердің үйін тазалауға, жууға қажетті заттарды өз қаражатына сатып алуға мәжбүр болып жатқандарын айтып наразылық білдіреді.
Бізді шенеуніктердің үйін тазалауға мәжбүрледі. Олардың арасында салық басшысы мен еңбек инспекциясының басшысы болды. Бізге кір жуып, дәретхананы, ас үйді тазалау керектігін айтады, - деп қосты "Бөбек" балабақшасының тәрбиешісі Асылзат Таңатарова.
Қызметкерлер басшының үстінен қалалық кадрлық даму басқармасына ғана емес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке, еңбек инспекциясына, тіпті прокуратураға да бірнеше рет шағымданғандарын айтады.
Менің жұмысыма тексеру жүргізген, ондай жәйттар болған емес. Мұның барлығы жала, мүмкін осылай жасауды оларға жоғарыдан біреу бұйырып тұрған болар. Мүмкін білім бөлімінен болар, білмеймін, - деп ақталады Түркістан қаласындағы "Бөбек" балабақшасының меңгерушісі Гүлбану Ұзақ.
Адами әлеуетті дамыту департаментінің мамандары тексеру жүргізілгенін атап өтті.
Өтініштер 2022 жылдың 26 қаңтарында қабылданды. Бұл мәселе департаментте тексерілді. Басшының жұмыста болмауына байланысты ол жұмыстан шығарылды. Бірақ еңбек инспекциясы тексерген кезде оның қорытындысы бойынша басшы қызметіне қайта тағайындалды. Тағы бір тексеріс болады, - Түркістан қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің бас маманы Гүлмира Құлбайымбетова.
Алайда балабақша ұжымы директордың жұмыстан кетуін талап етіп отыр.